Жағасын түргендер (, бұл жағдайда екі мағынаны білдіреді: «талап-арыздар» және «(іскерлік) костюмдер») — АҚШ-та түсірілген, Аарон Корш жасаған заң тақырыбындағы драмалық телехикая. Басты рөлдерді Гэбриел Махт пен Патрик Джей Адамс сомдаған. Телехикаядың премьерасы 2011 жылғы 23 маусымда USA Network телеарнасында өтті.

Оқиға Нью-Йорктегі ойдан шығарылған заң фирмасында өрбиді. Сюжет бойынша табысты заңгер Харви Спектер заң факультетінде оқымаған Майк Россты өзінің көмекшісі ретінде жұмысқа алады.

«Жағасын түргендер» телехикая 2012 жылдан бастап бірнеше марапатқа ұсынылды. Сол жылы Джина Торрес пен Патрик Джей Адамс Джессика Пирсон мен Майк Росс рөлдерін сомдағаны үшін жеке марапаттарға ие болды. 2014 жылы телехикая TV Guide Award сыйлығына «Үздік драма» номинациясы бойынша және People’s Choice Awards сыйлығына «Сүйікті драмеди» номинациясы бойынша ұсынылды. Торрес 2012 жылы ALMA сыйлығына «Теледидардағы сүйікті екінші пландағы актриса» номинациясы бойынша, ал 2013 жылы Imagen Awards сыйлығына «Теледидардағы екінші пландағы үздік актриса» номинациясы бойынша ұсынылды. Ал Адамс 2012 жылы АҚШ Киноактерлер гильдиясының «Драмалық телехикаядағы үздік ер адам рөлі» сыйлығына ұсынылды.

2018 жылы 30 қаңтарда телехикая сегізінші маусымға ұзартылды. Алайда Патрик Джей Адамс, Меган Маркл және Джина Торрес сегізінші маусымға қатыспады. 2019 жылы 24 қаңтарда телехикая 10 бөлімнен тұратын тоғызыншы маусымға ұзартылып, бұл телехикаядың соңғы маусымы болды. Соңғы, 134-бөлім — «One Last Con» — 2019 жылы 25 қыркүйекте көрсетілді.

Желісі Майк Росс бала кезінен заңгер болуды армандады, бірақ алаяқтық әрекеті — математикадан тест тапсырмаларының жауаптарын сатуға әрекет жасағаны — салдарынан колледжден шығарылды. Оның есте сақтау қабілеті феноменалды, ал ойлау қабілеті ерекше дамыған. Алайда тағдырдың жазуымен ол кездейсоқ жұмыстармен күн көруге мәжбүр болады. Ал Харви Спектер, керісінше, адвокатура саласының жұлдызы, Манхэттендегі «Пирсон Хардман» заң фирмасының білікті корпоративтік заңгері. Оның бір сағаттық жұмыс ақысы 1000 долларды құрайды. Жақында Харви компанияның аға серіктесі болып тағайындалғандықтан, өзіне деген сенімі арта түскен.

Харви Спектер мен Майк Росстың кездесуі кездейсоқ болады. Харви қонақүйде өзінің көмекшісі қызметіне үміткерлерді іріктеп, «өзінің жас кезіндегі нұсқасын» іздеп жүргенде, Майк полициядан қашып жүреді. Харви жас жігіттің тапқырлығына, заң саласындағы энциклопедиялық біліміне және адвокат болуға деген шынайы ниетіне тәнті болып, оны жұмысқа алады. Осылайша жас заңгердің жарқын мансабы басталады.

Жұмыс барысында Майкқа «Пирсон Хардман» компаниясының кіші серіктесі әрі Харвидің бәсекелесі Луис Литт тарапынан үнемі қысым көрсетіледі. Алайда ол Харвидің деңгейіне жете алмайды. Сонымен қатар Майк пен Харви компания қызметкерлерінің барлығынан Майктың Гарвард университетін бітірмегенін жасырады. Бұл компаниядағы міндетті талаптардың бірі болатын: «Пирсон Хардманның» барлық заңгерлері Гарвард университетін бітірген болуы тиіс. Майк осы мәселеге қатысты да, фирманың басқа да жұмыстарына байланысты — істерді шешу, жаңа клиенттер тарту және тағы басқа — үнемі тексерулерден өтеді. «Пирсон Хардманда» Майк заңгердің көмекшісі Рэйчелмен танысады. Көп ұзамай олардың жұмыс барысындағы қарым-қатынасы жақын сезімдерге ұласады.

Рөлдерде <onlyinclude> = Маусымдағы басты рөл = Маусымдағы қосалқы рөл = Маусымдағы қонақ рөлі = Маусымға қатыспайды Негізгі рөлдер құрамы АктерКейіпкерМаусымдар бойынша қатысуы123456789 Бөлімдері Гэбриел Махт Харви Спектер 121616161616161610 134 Патрик Джей Адамс Майк Росс 12161616161616 3 111 Рик Хоффман Луис Литт 121616161616161610 134 Меган Маркл Рэйчел Зейн 12161616161616 108 Сара Рафферти Донна Полсен 111516161616161610132 Джина Торрес Джессика Пирсон 1216161616117 94 Аманда Шулл Катрина Беннет 3582231310 45 Дьюли Хилл Алекс Уильямс 81610 34 Кэтрин Хайгл Саманта Уилер 1610 26Барлық бөлімдері121616161616161610134

Қосалқы рөлдер құрамы АктерКейіпкерМаусымдар бойынша қатысуы1234567 Бөлімдері Ребекка Шулл Эдит Росс 24111 9 Дэвид Костабайл Дэниел Хардман 10 13 14 Макс Топплин Гарольд Гандерсон 473 2 16 Пуч Холл Джимми Кирквуд 11 2 4 Дэвид Реале Бенджамин 1 2 24 9 Эбигейл Спенсер Дана Скотт 12712 1 14 Том Липински Тревор Эванс 42113 11 Ванесса Рэй Дженни Гриффит 62 8 Эрик Клоуз Трэвис Таннер 131 1 6 Гэри Коул Кэмерон Деннис 1 7 1 9 Конлет Хилл Эдвард Дарби 24 6 Адам Годли Найджел Несбитт 14 5 Макс Бизли Стивен Хантли 7 7 Рэйчел Харрис Шейла Саз 3313 1 11 Дайан Нил Эллисон Холт 21 3 Уэнделл Пирс Роберт Зейн 222544 19 Мишель Фэйрли Эва Хэссингтон 8 8 Брэндон Фирла Джонатан Сидвелл 462 12 Желько Иванек Эрик Вудалл 13 4 Эрик Робертс Чарльз Форстман 71 8 Д. Б. Вудсайд Джефф Малоун 12121 16 Брендан Хайнс Логан Сандерс 7 7 Нил Макдонаф Шон Кэхилл 7 8 15 Кристина Коул Пола Эгард 7 7 14 Алома Райт Гретхен Бодински 864 18 Джон Пайпер-Фергюсон Джек Солофф 1212 15 Билли Миллер Маркус Спектер 111 3 Лесли Хоуп Анита Гиббс 621 9 Фарид Яздани Дэвид Грин 3 3 Пол Шульц Фрэнк Галло 84 12 Эрик Палладино Кевин Миллер 8 8 Малькольм-Джамал Уорнер Джулиус Роу 6 6 Гленн Пламмер Леонард Бэйли 7 7 Иэн Рид Кеслер Стю Буццини 7 7 Алан Розенберг Уильям Саттер 6 6 Карли Поуп Тара Мессер 11 11 Питер Кэмбор Нэйтан 1 42 7 Джордан Джонсон-Хайндс Оливер Грэйди 65 11 Джейк Эпстин Брайан Альтман 2 2 Рэй Проскиа доктор Стэнли Лифшиц 6 6Барлық бөлімдері12161616161616108

Өндірісі Премьералық бөлімнің сценарийін Аарон Корш жазды, ал атқарушы продюсерлері Дэвид Бартис пен Джин Клейн болды.

Пилоттық бөлім Нью-Йоркте түсірілді. Телехикаяның қалған бөлімдері Торонтодағы Даунсвью-Парк студияларында түсірілді.

Бөлімдер тізімі

Маусым Серия Көрсетілу күндері Алғашқы сериясы Соңғы сериясы 1 12 23 маусым 2011 8 қыркүйек 2011 2 16 14 маусым 2012 21 ақпан 2013 3 16 16 шілде 2013 10 сәуір 2014 4 16 11 маусым 2014 4 наурыз 2015 5 16 24 маусым 2015 2 наурыз 2016 6 16 13 шілде 2016 2 наурыз 2017 7 16 12 шілде 2017 25 сәуір 2018 8 16 18 шілде 2018 27 ақпан 2019 9 10 17 шілде 2019 25 қыркүйек 2019

Сыншылардың пікірлері Metacritic сайтында телехикая негізінен оң пікірлерге ие болды. Rotten Tomatoes сайтында телехикаяның үшінші маусымы көрсетіліп жатқан кездегі рейтингі 88%-ды құрады.

Спин-оффтары мен ремейктері Джессика Пирсонның Чикагоға кеткеннен кейінгі өмірі туралы спин-офф телехикаясын жасау жоспарланды. Джина Торрес өз рөліне қайта оралып, продюсерлердің бірі болуды жоспарлады. 2018 жылы мамырда Торрес телехикаяның «Екінші қала» деп аталатынын және оның заңгерлік драма емес, саяси драма болатынын мәлімдеді. 2019 жылы қаңтарда телехикаяның атауы «Пирсон» деп өзгертілгені белгілі болды. Оның премьерасы 2019 жылдың ортасында өтті. «Жағасын түргендер» телехикаясының жетінші маусымының соңғы бөлімі спин-оффтың негізгі телехикая құрамына енгізілген пилоттық бөлімі ретінде қызмет етті. Телехикая кең танымалдыққа ие болмай, бірінші маусымнан кейін жабылды. Бұл негізгі телехикаяның аяқталуымен шамамен бір уақытта болды, ал спин-оффтың сюжеті аяқталмай қалды.

Телехикаяның Азияда екі бейімделуі бар: оңтүстіккореялық және жапондық. Екеуі де 2018 жылы жарық көрді.

2023 жылы түпнұсқа «Жағасын түргендер» телехикаясы Peacock және Netflix стримингтік сервистерінде көрсетілгеннен кейін қайтадан танымал бола бастады. Осыған байланысты NBCUniversal «Жағасын түргендер: Лос-Анджелес» атты жаңа спин-оффты әзірлеуге кірісті.

Дереккөздер