Жанқасқа Таймасұлы (1805–1810 жылдар аралығы – 1835) — Жағалбайлы тайпасынан шыққан қазақ батыры және биі.

Өмірбаяны Жанқасқа Таймасұлы XIX ғасырдың басында Ор өзенінің бойында дүниеге келген. Деректерде оның шамамен отыз жыл өмір сүргені айтылады. Ол Кіші жүздегі патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекеттерге қатысып, Шекті тайпасынан шыққан Көтібар және Арыстан батырлармен бірге болған. Кіші жүз өкілдерінің патша саясатына қарсы іс-қимылдарды талқылаған жиындарының бірі Жанқасқаның ауылында өткені жөнінде мәлімет бар.

1835 жылы Жанқасқа қаза тапқан. Оның жерленген жері Жем өзенінің бойындағы жергілікті халық «Мешіт мүйісі» деп атайтын төбеде орналасқан.

Шежірелік деректер Жанқасқа туралы ел арасында аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер сақталған. «Мұғалжар – туған байтағым» кітабында келтірілген шежірелік мәлімет бойынша, «Қыз Жібек» дастанындағы Сансызбай мен Жібектен Төс есімді ұл тараған, ал Жанқасқа Төстің төртінші ұрпағы ретінде көрсетіледі.

Еске алу 2010 жылы Жанқасқа Таймасұлының ұрпақтары оның жерленген жеріне кесене тұрғызды. Кесенені көркемдеу жұмыстарын суретші Әдіғали Баяндин атқарды. Құрылысқа Маңғыстаудың ұлу тасы пайдаланылып, кесене дулыға пішінінде салынған.

Дереккөздер

Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ би-шешендері