thumb|upright=1.1|Неонуар жанрының жарқын өкілі — режиссер Дэвид Линчтің «Көк барқыт» (1986) фильмының жарнамалық парақшасы
Неонуар — 1970 жылдары, Жаңа Голливуд дәуірінде пайда болған кино жанры. Бұл жанр негізінен классикалық фильм-нуар клишелерін өзгертіп, олардың астарына үңілумен (субверсиямен) және визуалды стилімен тығыз байланысты. Ол 1940–1950 жылдардағы америкалық нуар тақырыптарын заманауи көрермендерге бейімдейді, көбінесе жарқын түстер мен контрастылығы жоғары кадрларды, зорлық-зомбылық немесе сексуалдық көріністерді айқынырақ бейнелеуді, мазмұндық мотивтердіOxford Academic. Film Noir and the Cinema of Paranoia. және сызықтық емес баяндау немесе монтаж әдістерін қолданады.
1970 жылдар мен 1980 жылдардың ортасы аралығында «неонуар» терминінің танымалдығы күрт артты. Бұған Роман Поланскидің «Қытай кварталы» (1974), Мартин Скорсезе «Такси жүргізушісі» (1976), Ридли Скотт «Ұстараның жүзімен жүгіруші» (1982), Пол Верховен «Төртінші адам» және Дэвид Линч «Көк барқыт» (1986) сынды фильмдері зор ықпал етті. Француз тіліндегі «film noir» термині тікелей аударғанда «қара фильм» дегенді білдіреді және ол көбінесе күңгірт немесе көлеңкелі кинематографиялық стильде берілетін қауіпті де жұмбақ оқиғаларды меңзейді. Неонуар да осындай стильге ие, бірақ ол заманға сай жаңартылған тақырыптарды, мазмұнды, стилистика мен визуалды элементтерді қамтиды.
Мысалдар Күнәлар қаласы Жеті Такси жүргізушісі Драйв Малхолланд Драйв Мементо Қара сері
Дереккөздер
Санат:Кино жанрлары