Іргіт, кейде іркіт (хак. іpгіт, моңғ. эрхүд, эрхид, бур. ирхид) - кейбір түркі және моңғол халықтарының құрамындағы тайпа. Олар хакастардың сағай этникалық тобында, алтайлықтарда, тываларда кездеседі.
Тарихы
Іргіт атауының пайда болуы туралы бірнеші пікір қалыптасты. Ғалымдардың бірінші тобы көне түрік, екіншісі моңғол, ал үшіншісі тунгус-маньчжур нұсқаларын ұсынды. Моңғолияның Ховд аймағында ак иргит, улуг иргит, адай иргит, моол иргит, калчан иргит, джод иргит, ал Баян-Өлгей аймағында ар иргит, шунгуур иргит, адай иргит, чооду иргит рулары мекендейді. Қытайда улуг иргит және бичии иргит рулары кездеседі.
Әдебиет
Дугаров Б. С. О происхождении рода иркит (эрхид) // Problems of Ethnic History of Nomadic Peoples in Central Asia. — Ulaanbaatar, 2002. — P. 147—155. Балдаев С. П. Родословные легенды и предания бурят. Ч. 1 — Улан-Удэ, 1970. Очир А. Монгольские этнонимы: вопросы происхождения и этнического состава монгольских народов / д.и.н. Э. П. Бакаева, д.и.н. К. В. Орлова. — Элиста: КИГИ РАН, 2016. — 286 с. — ISBN 978-5-903833-93-1.
Санат:Сібір тарихы