Алтынбеков Бекзат Қомарұлы (8 сәуір 1973 жыл) — Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы. 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі.

Өмірбаяны Алтынбеков Бекзат 1973 жылғы 8 сәуірде Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының Қоңырат елді мекенінде туған. https://halyq-kenesi.kz/kenes-mushesi/altynbekov-bekzat-qomaruly/

1997 жылы Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тарих мамандығы бойынша, 2008 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы 1990–1991 жылдары – Қоңырат кеңшары орталық қоймасының жүк тиеушісі. 1992–1993 жылдары – Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінің тілшісі. 1993–1997 жылдары – Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясының тілшісі, тележүргізушісі. 1997–2001 жылдары – №13 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2001–2004 жылдары – Талдықорған заң колледжінің Жезқазғандағы филиалының директоры. 2004–2005 жылдары – Қазақ қатынас жолдары университетінің Жезқазған қаласындағы қашықтан оқыту және кәсіптік бағдар беру орталығының директоры. 2005–2009 жылдары – жеке кәсіпкер. 2009 жылы Жезқазған бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы болған. Жезқазған қалалық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты болған. 2017 жылғы қазанда Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. 2020 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. 2022 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың маусымына дейін «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалына жетекшілік етті. 2026 жылдың шілдесінен бастап «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарады. Сол жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі болып бекітілді.

Марапаттары • «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының лауреаты; • «Шапағат» медалі; • Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалі; • «Ұлт мақтанышы» медалі; • «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы мен төсбелгісі; • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы; • «Меценат образования» күміс медалі; • Мұхтар Әуезов атындағы медаль.

Дереккөздер https://prokadry.kz/altynbekov_adilet_karaganda_26/