Сындыбала Оңғарбаева (1902 жыл – 2001 жыл)Тараз энциклопедиясыГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. — Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз колхозының звеношысы (1939 – 1960).
Еңбек жолы мен жетістігі Еңбек жолын зауытта жұмысшы болып бастайды. 1929 жылы «Қызыл Жұлдыз» ұжымшарына мүше боп кіреді. 1939 – 1960 жылдары қызылшашылар звеносын басқарды. Осы мерзім ішінде ол өз мамандығын жақсы меңгеріп, бай тәжірибе жинақтайды. Осының нәтижесінде оның звеносы бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге жетеді: 1945 жылы - межеленген 180 центнердің орнына 6 гектар қан қызылшасы алқабынан 210 центнерден; 1946 жылы - 7,3 гектар жерден межеленген 200 центнердің орнына 315 центнерден; 1947 жылы - 4 гектар жердің әр гектарынан 703 центнерден, ал 2 гектардың әр гектарынан 801 центнерден рекордтық өнім алады. Ол ондаған әйгілі қызылшашыларды тәрбиелеп шығарды. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері: П.Шидақова, Қ.Төребаева, М.Ибрагимова, озат звено жетекшілері Я.Ағалиева, т.б..
Наградалары 4 наурыз Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1946) Социалистік Еңбек Ері (1948) Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің үш медалі
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері