Базартөбе — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Базартөбе ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 100 км жерде, Жайық өзенінің сол жағалауындағы жазық далалық белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1696 адам (889 ер адам және 807 әйел адам) болса, 2009 жылы 1357 адамды (714 ер адам және 643 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 885 адамды (440 ер адам және 445 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Инфрақұрылымы Ауылда бұрынғы кеңшар негізінде “Базартөбе” кооперативі жұмыс істейді. Тұрғындары облыс, аудан орталықтарымен, басқа да елді мекендермен автомобиль және өзен жолымен қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I томОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері