Боранбайұлы Сейіл (1930, Қазалы ауданы, Сағындық ауылы– 20.7.2005) – ақын.
Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін) тарих философиясы факультетін бітірген (1953). 1957 жылға дейін Қостанай облысының Жангелді ауданы, Қызылорда облысының Қазалы аудандарында мұғалімдік қызмет атқарды. 1957 – 62 жылы ауданы «Социалистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор болып істеді. 1962 – 90 жылы ауданы «Ленин туы» газетінде редактор, облыстық «Ленин жолы» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары, облыстық баспасөз басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы болды. Шығармалары Боранбайұлының тұңғыш жинағы: «Ұстаз» 1966 жылы жарық көрген. «Табиғатқа тіл бітсе», «Мырза маусым», «Қайырлы таң», «Төрт түліктің төлдері», «Халқым қалай күн көрер» атты жыр кітаптарын жазған. Бірқатар өлеңдері қарақалпақ тіліндегі «Дала туысқандығы», латын тіліндегі «Дала қызғалдақтары» кітаптарында жарық көрген.Қазақ Энциклопедиясы, II-томҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:20 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2005 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Қазақстан ақындары