Қытай (ресми — Қытай Халық Республикасы, қысқартылған — ҚХР; ) — Азия құрлығында орналасқан ірі социалистік мемлекет. Халық саны бойынша әлемдегі 2-ші мемлекет (1,4 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлар); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеп жатыр. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бірпартиялық, авторитарлық елдер қатарына жатқызылады.
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мьянма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.
Тарихы
thumb Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, циклдық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Қытай тарихын мерзімдеу Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте Жылдар Мемлекет (әулет) Біздің заманымызға дейін б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255 Аты аңызға айналған Яо билеуші б.з.д. 2255 — б.з.д. 2205 Аты аңызға айналған Шунь билеуші б.з.д. 2205 — б.з.д. 1766 Аты аңызға айналған Ся әулеті б.з.д. 1766 — б.з.д. 1122 Аты аңызға айналған Шан-Инь әулеті б.з.д. 1122 — б.з.д. 247 Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері б.з.д. 246 — б.з.д. 207 Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері б.з.д. 206 — б.з.д. 220 Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері (Батыс Хань: б. з. д. 206 — 25, Шығыс Хань: 25 — 220) Біздің заманымыз220 — 264 Вэй әулеті265 — 420Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420)420 — 479Сун әулеті479 — 501Ци әулеті502 — 556Лян әулеті557 — 588Чэнь әулеті589 — 618Суй әулеті618 — 907Тан әулеті907 — 959Бес әулеттің заманы960 — 1279Сун әулеті1280 — 1368Юань әулеті (моңғол)1368 — 1644Мин әулеті1644 — 1911Цин әулеті (манчжур)1912 — 1949Қытай мемлекеті1949 ж. 30 қыркүйегіҚытай Халық Республикасы
ҚХР (тарихы және қазіргі заман) 1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Цзедун идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)
Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салған Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтудың дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселесін шешті.
Бұл түбегейлі жаңартуларды одан кейін келген Цзян Цземин мен Ху Дзинтао жалғастырды.
2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары — 10%, 2002-2005 жылдары — 9% құрады.
ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатырХалықаралық валюта қоры. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектеді.
2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылықты соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуін тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар, әскери шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).
Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд юаньды құрайды (35,5 млрд доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбеюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады.
Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.
Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі
Саясат жағдайы 1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.
Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).
Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.
Гонконгта және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
Қытай мен Қазақстанның байланысы
Экономикасы Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.
ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай басшылығының «теориялық» құрылуы.
Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі.
Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми – техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу.
Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады.
Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір – бірінің орнан толтырушылық, бір – біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын.