Имек дене ( corpus — дене, geniculatum — тобықша, имек) — аралық мидағы көру төмпегінің (таламустың) артқы ядроларының құрамындағы құрылым. Имек дене — бүйірлік және ішкі бөліктер болып екіге бөлінеді. Бүйірлік имек дене — көру жолдарының таламусты айналып өткеннен кейінгі жалғасы. Ол үлкен ми қыртысына қарай бағытталған көру жолдарын қосатын орталық. Ішкі имек дене — бүйірлік имек дене мен төрт төмпектің аралығында жатады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология