Қуантқан Рзаұлы Ванов(1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы) – педагог.

Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Атырау университетін) бітірген (1974). 1974 – 2001 жылдары Есір Айшуақұлыы атындағы орта мектепте мұғалім, 2001 – 2006 жылы Маңғыстау облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институтында әдістемелік-эксперименттік кабинет меңгерушісі, педагогикалық зерттеу орталығының жетекшісі болды. 2006 жылдан «Маңғыстау мұғалімі» газетінің бас редакторы. 1993 жылы 5-сыныпқа арналған, 1994 жылы 6- сыныпқа арналған «Математика» оқулықтарының авторы. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1989) марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар