Жапырақ Масатқызы (1934 жылы туған, Маңғыстау ауданы) – мал дәрігері. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1957). Маңғыстау ауданында аға зоотехник, 1958 – 1959 жылы аудан ауыл шаруашылығы инспекциясында қызметкер, 1959 – 1965 жылы аудан комсомол ұйымының 1-хатшысы, ұжымшар бастығы, аға экономист, 1965 – 1989 жылы қазіргі Атырау облысы Индер ауданы ауыл шаруашылығы басқармасында бас зоотехник, партия ұйымының хатшысы болды. Масатқызы – Маңғыстау өңірінде тұңғыш зоотехник мамандығын меңгерген қыз.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар