Жағалау артиллериясының атысы — су үсті нысаналары бойынша тура бағыттаумен (кіші калибрлі артиллерияға тән) немесе жабық атыс позицияларынан жүргізілетін атыс. Бастапқы мәліметтер кысқа түрде дайындалғанда нысананы жою атысын атыспен дәлдеуден кейін бастайды және оны 3-4 зеңбіректің ең жоғарғы қарқынды дүркінімен жүзеге асырады. Жер үсті нысаналары бойынша атыс жер үсті артиллерия атысына ұқсас болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс