Жания Әділбек - 1974 жылы 6 мамырда Қарағанды облысы Абай қаласында туған. 1995 жылы ҚазМБА-ны, 1998 жылы ҚазМБА аспирантурасын бітірген, экономист.
1994-95 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ несие басқармасының жетекші маманы.
1995-98 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ несиелеу департаментінің жетекші сарапшысы - несие менеджері.
1998-2001 жылдары Азиялық несие компаниясының (Орталық-Азиялық-Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қоры, USAID) несие жөніндегі жетекші маманы.
2001-04 жылдары - ЕҚҚДБ Кеңесшілік қызметті дамыту бағдарламасының жобалар жөніндегі директоры.
2005-06 жылдары - Астана қаласында кәсіпкерлікті дамыту орталығының («Pragma» корпорациясы, USAID) директоры.
2006 жылдан - «Finpro Kazakhstan» өкілдігінің (Финляндияның Алматы қаласындағы сырты сауда орталығы) басшысы. Қазақстанның шағын және орта бизнесі үшін кеңесшілік қызмет көрсету мәселелері бойынша 12 ғылыми мақаланың авторы.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар