Қуанған Жұмаханұлы (1951, Моңғолия, Баян Өлгий аймағы, - 23.5.1996, Өлгий қаласы) - ақын, аудармашы, филол. ғыл. канд. (1993).

Улан Батордағы Моңғолия мемлекітінің университетін (1972), Мәскеудегі Әдебиет институтын (1985) бітірген. Баян Өлгий аймақтық жазушылар одағының хатшысы, "Невада-Семей" Халықаралық қозғалысының Баян Өлгий аймақтық бөлімшесінің төрағасы, осы қозғалыс үні "Заман-ай" газетінің редакторы, өмірінің соңғы жылдарында Баян Өлгий аймақтық "Жаңа өмір" газетінің сарапшысы қызметін атқарған. Моңғол әдебиетінің классиктері Д.Нацагдорж, Б.Ренчин, Б.Явуухулан шығармаларын қазақ тіліне, Ж.Жабаев, Ж.Молдағалиев т.б. қазақ ақындары туындыларын моңғол тіліне аударған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1951 жылы туғандар Санат:Моңғолияда туғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Моңғолия ақындары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Моңғолия ғалымдары Санат:Моңғолия қазақтары Санат:Моңғолия филологтары