thumb|Хиджаб киген қыз Хиджаб ( — «қалқан», «шымылдық») — мұсылман әйелінің көшеге шыққанда денесін не денесі мен бетін жасыру үшін киетін киімі. Ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың әйелдері ғана хиджабпен жүретін болған, кейін барлық мұсылман әйелдері осы салтты ұстанған.
Хиджабтың қара немесе басқа түсті ойық яки тор көз сақтауы бар желбегей іспеттісі (бетті немесе бүкіл денені жауып тұратын), бетті жауып тұратын қара селдір тор шымылдық секілді және т.б. түрлері болады.
Хиджабты киюден бас тарту мұсылман елдеріндегі өмірді демократияландыру ұрандарының бірінен саналды. Хиджабтан ашық бас тарту ең алғаш Мысырда XIX ғ-дың 70 жылдарында көрініс берді. Қазіргі кезде мұсылман елдерінде хиджабтың бас орамал және мойын мен қолды жауып тұратын киім секілді жеңілдетілген түрі кең тараған.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Тағы қараңыз Исламдағы әйелдердің орны Абайя Ниқаб Бурқа Джильбаб
Сыртқы сілтемелер
Назарбаев «Жас Отанның» сьезінде хиджаб туралы да айтты
Дереккөздер
Санат:Исламдағы әйел киімі