Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова - (14.12.1952 жыл, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Песчаное ауылы) - суретші.

Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін (1976) орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша; РФ Көркемсурет академиясының И.Е. Репин атындағы Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (1992) өнертанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР Көркемсурет академиясының толық мүшесі. Бейнелеу өнері бойынша жарияланымның, альбомдар мен монографиялардың авторы. 1976 жылдан - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының ғылыми қызметкері. 1977 жылдан - Алматы қаласының Кафедралдық соборында редактор-әдістемеші, ғылыми хатшы, көрме бөлімінің меңгерушісі, көрме залының меңгерушісі, Қазақ КСР (ҚР) Мәдениет министрлігі Көркем көрмелер дирекциясы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 1992 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы. 2006 жылдан бері - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. Өнертанушы, ҚР Суретшілер одағының, Халықаралық көркемсурет сыншылары қауымдастығының мүшесі. «Білім және еңбек» журналы сыйлығының лауреаты (1985). ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған (2006).

Отбасы Әкесі - Мұқажанов Жұмаділ (1929-1964), бухгалтер болып жұмыс істеген. Анасы - Мұқажанова Нәдия (1934 ж. т.), зейнеткер, тігінші болып жұмыс істеген, жоғары дәрежелі шебер. Тұрмыс құрмаған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:14 желтоқсанда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Тереңкөл ауданында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы қызметкерлері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Халықаралық көркемсурет сыншылары қауымдастығы мүшелері Санат:Зерде журналы сыйлығының иегерлері