Берік Ұзақбайұлы Молжігіт (6.06.1952 жыл, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық кентінде туған) - Қазақстанның Құрметті сәулетшісі (2009).

Өмірбаяны Әкесі - Дошекенов Ұзақбай (1933-1991). Анасы - Дошекенова Мынауара (1933-2002). 1969 жылдан - Алматы көркемсурет училищесінің студенті. 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1978 жылдан - КСРО Көркемөнер академиясы жанындағы И. Репин атындағы Архитектура, мүсін және кескіндеме институтының студенті. КСРО Көркемөнер академиясы жанындағы И. Репин атындағы Архитектура, мүсін және кескіндеме институтының архитектура факультетін (1984) сәулетші-суретші мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан бері - «Алматыгипрогор-1» жобалау институтының архитектуралық-құрылыс 1-бөлімінің сәулетшісі, жетекші сәулетшісі, сәулетшілер тобының жетекшісі, бас жобалар сәулетшісі, бастығы.

Келесі объектілердің авторы Алматы қаласындағы партия облыстық комитетінің ғимараты «Думан» ықшам ауданындағы 1 000 орындық мектеп Алматы қаласы әуежайындағы жолаушылар терминалының жаңа ғимараты Алматы қаласындағы әкімшілік-тұрғын кешені Астана қаласындағы «Керуен» сауда-ойын сауық орталығы Тараз қаласындағы Қабылдау үйі.

Қоғамдық қызметі ҚР Сәулетшілері одағының мүшесі (1987) ҚР Суретшілері одағының мүшесі (2009).

Жетістіктері ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2006). Дүниежүзілік архитектура биенналесінің дипломанты (София қ., 1989, 2009). Қазақстанның Құрметті сәулетшісі (2009).

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Молжігітова Шара (1955 ж. т.), бухгалтер. Ұлы - Молжігіт Жалғас Берікұлы (1987 ж. т.), студент (Англия).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:6 маусымда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Сырым ауданында туғандар Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстанның құрметті сәулетшілері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан сәулетшілер одағы мүшелері