thumb|right|200px|
Жыланды — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Сарысу ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ұлытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 173 км-дей жерде, Қарағанды облысының шөлейтті аймағында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1209 адам (621 ер адам және 588 әйел адам) болса, 2009 жылы 972 адамды (517 ер адам және 455 әйел адам ) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 771 адамды (450 ер адам және 321 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1937 жылы ТОЗ, бірлестік ұжымшары, 1957 жылы «Сарысу» кеңшары болып қайта құрылды. Жерінің жалпы ауданы — 156,6 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты — мал өсіру болды. Округте 60 шаруа қожалықтары жұмыс істеді (2006).
Инфрақұрылымы Мектеп, кітапхана, клуб үйі, дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет керсетеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері