Жарқын Айталиұлы Айталиев (15.8.1903, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Шоңай ауылы – 26.9.1970, Алматы қаласы) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1958).

Өмірбаяны Томск технологиялық институтын бітірген (1930). 1930–38 жылы Оңтүстік және Орталық Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған. 1938–48 жылы халық шаруашылығына, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды. Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, геология бөлімінің меңгерушісі (1948–56) Қазақстан Геология министрінің орынбасары (1957–61) Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физикалық география институтының сектор меңгерушісі (1963–67) болды. Айталиевтің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба–Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды.

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:15 тамызда туғандар Санат:1903 жылы туғандар Санат:Жәнібек ауданында туғандар Санат:26 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері