Жәлекеш Айпақов (1904, Шалқар қаласы - 1967, Ақтөбе қаласы) - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. 1935 ж. Алматы филармониясына шақырылып, жұмыс істеді. Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың бірі болған 1953 ж. Ақтөбе филармониясында жұмыс істеді. Халық композиторы Қазанғаптың күйлерін республика жұртшылығына насихаттаған. Құрманғазы, Мәмен, Дина күйлерін орындаудағы асқан шеберлігімен танылған. Көптеген шәкірттер күйшіден дәріс алды. Еңбегі бағаланып, мемлекеттік марапаттарға ие болған.
Дереккөздер
Санат:1904 жылы туғандар Санат:Шалқарда туғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтөбеде қайтыс болғандар Санат:Күйшілер Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері