Рахымжан Сайлауұлы Нұрсейітов - 1972 жылы 24 наурызда Қызылорда қаласында туғанНурсеитов Рахимжан Сайлауович. zakon.kz. Қазақ. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1994) бітірген, мамандығы - «Бухгалтерлік есеп және аудит, экономист».

1989 жылдан - Қызылорда қаласы «Қызылорда мелиорация» ТСЭЖ Тасбегет автомобиль базасының ұста шәкірті.

1994 жылдан - «Сырдария» газеті баспасының экономист-бухгалтері; ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасының Тасбегет ЕКО экономисі.

1995 жылдан - Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасының қазынашысы, аға, бас қазынашысы.

1997 жылдың ақпанынан - Бюджет банкінің Қызылорда облыстық басқармасы операциялық басқармасының бастығы.

1997 жылдың желтоқсанынан - Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы операциялық бөлімінің бастығы.

2000 жылдың наурызынан - Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы жергілікті бюджетке қызмет көрсету бөлімінің бастығы.

2000 жылдың қарашасынан - Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2004 жылдың наурызынан - Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

2004 жылдың шілдесінен - Алматы облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы.

2004 жылдың желтоқсанынан - Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.

2009 жылдың шілдесінен бері - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.

2012 — 2013 Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Ішкі бақылау басқармасының бастығы, 2013 — 2017жж. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісіНұрсейітов Рақымжан Сайлауұлы. baq.kz, 2017 жылы 7 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасарыҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды. infozakon.kz, ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісіҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ресми сайты. senate.parlam.kz

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдармен; ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазынашылық қызметінің үздігі (2009).

Үйленген. Жұбайы - Қамитбекова Жанар Үбайдоллақызы. Қыздары - Ақжан, Балжан, Нұрбақыт.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:24 наурызда туғандар Санат:1972 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері