Астрахан, Қажытархан () – Ресей Федерациясындағы қала, Астрахан облысының орталығы. Төменгі Поволжьенің экономикалық және мәдениеттік орталығы деп саналады. Ресейдің тарихи маңызы бар қалалардың біріне жатады. Астрахан қалалық округын қалыптастырады.
Еділ дельтасының жоғарғы жағында орналысқан. Астраханнан Мәскеуге дейін жолдың қашықтығы 1550 км. Қала 4 ауданға бөлінген: Кировский, Советский, Ленинский, Трусовский. Тұрғыны 524,4 мың адам (2021). Ауданы: 208,70 км².
Этимология
Қала аттың пайда болғаны туралы көп аңыздар бар.
Баяғыда Астраханның атты қалай пайда болған туралы екі пікір болған. Бірінші пікір бойынша, аты славяндық «страхань» сөзінен шықты, ал екіншісі бойынша скиф сөздерінің «ас» - әскердің басшысы және «тархан», бірақ екі пікірін де В. Н. Татищев жоққа шығардыЗайцев И. В. Астраханское ханство. М., 2004. С. 11.Татищев В. Н. Избранные произведения. Л., 1979. С. 172..
Орыс шежірелерінде қаланы Азсторокань, Азтаракань, Азтарокань, Азторакань, Азторокань, Азторохань, Асторокань, Асторохань, Астрохань, Хазторокань деп атағанПолное собрание русских летописей. — : Языки русской культуры, 2000. — Т. 14 — С. 176—600 с. — ISBN 5-7859-0134-X..
Мишарларда да қаланың атауы туралы аңыз бар. Аңыз бойынша оларда Сарай хан деген билеуші болған, оның Астыр хан мен Қасым хан деген балалары болған. Ол аңыз Алтын Орланың Сарай-Бату, Астрахан мен Қасымов деген қалалары туралы түсіндіргісі келдіАхмеров Г. Избранные труды. Казань, 1998. С. 147..
Астрахандықтардың өзіңдерінде аты Астра болған Хан туралы әлде оның Астра қызы туралы аңыз барCharnock, Richard Stephen. Local Etymology: A Derivative Dictionary of Geographical Names. — London: Houlston and Wright, 1859. — P. 18.. Ол аңыз кешкі орыс тілден шыққаны анық. Ол аңыздың ақиқатқа жақындығы ғылымда қаралыстырылмағанКрепость. Путешествие в Каспийскую столицу. Астрахань: ООО Типография «Нова», 2009. С. 22..
Кейбір таласты теориялар бойынша, қаланың аумағында Алтын Орданың тархан сауатымен ас тайпасы тұрып, көшкенШнайдштейн Е. В. Северный Прикаспий в древности: Учеб. пособие по истории края. Астрахань, 1992. С. 41, 43—44 (гл. «Ас-Тархан»).. Бірақ-та Астрахан аумағындағы ас тайпасы туралы қазіргі уақытта мәлімет жоқКрепость. Путешествие в Каспийскую столицу. Астрахань: ООО Типография «Нова», 2009. С. 22.. Тарихта Астар - Кавказдың солтүстігінде және Дон өзеннің бойында тұрған Аландар. Еділ аумағындағы Астар тайпасы туралы тек Виллем Рубруктың жазбаларында ескертіледіГильом Де Рубрук. Путешествие В Восточные Страны, главы 47—53, издание 1957 года..
Тарихы
Қала XIII ғасырдың екінші жартысында пайда болғаны деп сеніледі. М. Г. Сафаргалиев айтуы бойынша, қала Алтын Орда Ислам дінін қабылданғанда пайда болған. Виллем Рубрук 1254 жылда Еділдің бойында ауылы бар екенін ескертті. Ауыл Бату хан мен Сартақ ханға қыстауы болып және хан бұйрығымен шіркеу құрғызалған.
Жазбаша түрде Қажытархан бірінші рет қалаға Өзбек ханмен бірге барған Ибн Баттутаның жазбаларында ескертілген. Орта ғасырлардың карталары Қажытарханды Еділдің батыс жағалауында, қазіргі уақыттағы Астраханның орналасуына қарағанда жоғары.
Алтын Орда уақытында
Сауда жолдарында болғандықтан, Қажытархан Алтын Орданың сауда орталығы болып кетті. Шығыс тауарларымен келген керуендер, мына жерге Сарайлардан келіп, екі жаққа жіберілген, оңтүстікке(Кавказға) және батысқа(Азовқа). Иосафато Барбаро айтуынша, специялар мен жібек Итальяндық колония Қажытархан арқылы өткен.
1395 жылдың қысында Әмір Темірдің әскерлері келген. Шежірелер бойынша, Еділ бойында қалың мұз бөліктерден қабырға құрғызылған, бірақ Қажытарханның басшылары Әмір Темірге шайқассыз қаланы беріп, қаланы тонаған. Иософата Барбаро сөзі бойынша, Қажытархан - қиратылған қалаға дейін дерлік.
Астрахан хандығы уақытында
Қала қайттан құрғызылып, 1459 жылында Астрахан хандығының астанасы болған. XV ғасырда Венециядан келген Амброджо Контарини қаланың төмендеудің ізі қалғаны туралы айтқан: "Үйлер аз, болса барлығы саз балшығынан құрғызылған, бірақ та қаланы биік емес тас қабырғасы бар."
XVI ғасырда Астраханның жақсы орналасуынан, хандық Осман империясының, Қырым хандығының және Ноғай ордасының назарын аударған. 1533 жылда "орыс партиясы" пайда болды, ол Мәскеу үкіметімен тағайындалып, оның әсерінен Астрахан хандығы Мәскеу үкіметімен сауда-саясаттық шартқа отырғанАСТРАХАНСКОЕ ХАНСТВО. 1552 жылында Руске қарсы шыққан Ямгурчи хан Астраханның билеушісі болғанОфициальная история. Иван Қорқынышты оны ханның орнынан шығару үшін 30 мың стрелецтерді жіберген. 1554 жылда Астрахан қаласын Русь княздіктері жаулап алған да, ханның орнына Ямгурчи құлатқан Дервиш-Әліні қойған. Ол Мәскеумен жақсы қарым-қатынасқа уәде берсе де, Қырыммен одаққа кіргеннен кейін, орыс мәскеушілдік көңілін бұзып, содан кейін бір орыс отрядқа шабуыл жасаған. Иван Қорқынышты қайттан стрелецтерді жіберіп, бірақ енді хандықты Ресей толықтай жаулап алып, Ресейге қосқан.
Ресей құрамындағы Астрахан
1558 жылында қалада ағаштан қамал құрғызылып басталған. 1636 неміс саяхатшы Адам Олеарий қаланың ашылуы күні көре алды, ал 1559 жылдың жазында Бұхарадан қайтып келген ағылшын дипломаты Энтони Джениксон Астрахан туралы "аралда, биік жағалауында және ішіндегі сарайы бар" - деп айтқан. 1582 жылда ағаштан құрғызылған қабырғалардың орнына қабырғаларды тастан жасап, онымен бірге 8 үлкен мұнара тұрғызған, олар - Астрахан кремлінің бас бөлігі болған.
Орыс Астраханы Мәскеу патшалығына тек қана оңтүстік-шығыста орналасқан күшті форпост болмай, Азияға "қақпа" болған. Астраханға басқа қалалардан көп адамдар келіп, Еділ мен Каспийдің минералдық тұз бен бекіре үшін келген.
1569 жылда Астрахан түркі-татарлық әскерінің қоршауына төтеп берген.
1670 жылда тұрғындар қалаға Стенька Разинаны кіргізіп, өзінді-өзі басқаруды бастағанЗолотарёв П. А. «История об астраханском бунте казака Степана Разина и о убиении в оном митрополита Иосифа, боярина князя Прозоровского и многих воевод». Бір жылдан кейін патшалық әскер басшысы қамалды қоршап алып, оған қарсы тұрғындар көтерілісті көтеріп, екі жарым айдан кейін ғана оны жіберген. 1692 жылда Оба індеті 16 мың адамдардан 10 мың адамды қырған.
XVIII ғасырдағы Астраханның интенсивті колонизациясы басталды. I Пётрдың бұйрығымен 1717 жылдың 22 қарашадан бастап Астрахан губерниясы пайда болған, оның аумағы қазіргі уақыттағы Еділ федералды округінің аумағымен бірдей дерлік. Астрахан губерния қаласы деген статусын алған. Келесі жылдарда Астрахан губерниясының аумағы Ресей империясының губерниялардың шекаралырының өзгертуінің әсерінен өзгерліді. Астрахан губерниясы қазіргі уақыттағы Астрахан облысына ұқсас аумағын Сталинград облысынан шыққанда(1943 жылдың 27 желтоқсанында) алған.
1897 жылдағы санағы бойынша қалада 112 880 адам тұрған. Тұрғындар аралығында Орыс тілін ана тілі деп 86 563 адам деп белгілеген.
1917 жылдағы болған Қазан революциясы әсерінен 1918 жылдың қаңтарында көшелер бойында шайқастар жүргізіліп, нәтижесінде Большевиктер антибольшевиктік күштерін талқандаған. 1919 жылдың жаз бен күз бойы азаматтық соғыстың кескілескен ұрыстары болған.
1920 жылдан бастап 1928 қала Қалмақ автономдық облысының астанасы болған.
1942 жылдың жазында Гитлердің әскерлері Астраханға 100-150 км қашықтықта келген. Люфтваффе Еділдегі кемелерді аспаннан бомбалаған, кейбір бомбалар қалаға түскен. Соғыс бойында қала жанармай материалдарын Орталық Ресейге ауыстырып тиетін орын болған.
1950-1960 жылдарда қаланың реконструкциясы басталған. Қала үшін жаңа Генералды план қабылданылған, ол бойынша жаңа парктер ашылды, алаңдар пайда болған, Еділдің жағалауы қайттан салынып, Астрахан Кремлінің реставрациясы басталған.
2008 Астрахан қаланың 450 жылдық мерейтойын қарсы алған.
2007 жылда трамвай жолдары жабылған, ал 2017 жылда троллейбустік жолдар жабылған.
Физикалық-географиялық характеристикасы
Астрахан Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында, Каспий маңы ойпатынның Шөлейт белдемесінде орналасқан. 11 аралда орналасып, қала Еділдің жағалауында 45 километрден астамға тартылған. Рельефі - жазық, биіктігі 5-15 м төбелері бар. Қаланың орталығы теңіз деңгейінен -23 м биіктікте.
Климат
Қоңыржай климат, континенталды, үлкен жылдық және жаздың тәуліктік ауа температурасы амлитудалары бар, Жауын-шашынның мөлшері аз және буланғыштық жоғары. Қалаға көбінесе шығыстық, оңтүстік-шығыстық және солтүстік-шығыстық желдер келеді, ал сәуірден бастап, тамызға дейін аңызақтар байқалады. Сондай климаттың түрі оның Шөлейт белдемеде орналасқаны түсіндіреді.
Бір жылда орта есеппен 213 шуақты күн боладыПогода в Астрахани по месяцам. Күннің ұзақтығы 8 сағаттан 36 минуттан (22 желтоқсан) басталып, 15 сағат 48 минутке (22 маусым) дейін өзгеріледіМесячные таблицы времени восхода и захода солнца в Астрахани . Жауын-шашынның жылдық нормасы: 234ммКлимат Астрахани. Жауын-шашын саны бойынша Астрахан Еуропаның ең үлкен құрғақ қаласы деп саналады.
Сағаттық белдеу
Астрахан МСК+1 Сағаттық белдеуінде орналасқан. Уақыттың UTC-ге қатысты жылжуы - +4:00. Қолданылатын уақытына және географиялық Бойлыққа қатысты орта талтүс 12:48-де басталады.
Халқы
+Халық санағы1811 1840 1856 1863 1888 1897 1913 1914 1926 1931 1933 1939 195637 80045 90034 60042 80074 000112 880150 700154 500184 000208 966225 400253 595276 0001959 1962 1967 1970 1973 1975 1976 1979 1982 1985 1986 1987 1989295 768320 000368 000410 473435 000447 000447 700461 003474 000489 000497 000509 000509 2101990 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002478 000512 000512 000511 000512 000482 000484 000490 000486 000488 000486 100479 700504 5012003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015504 700502 800501 300499 000500 200503 100504 141520 339520 700525 387527 345530 863532 6992016 2017 2018 2019 2020 2021 531 719532 504533 925534 241529 793524 371
2019 1 қаңтарда Астрахан халық саны бойынша 1115 қалалардан 33-інші орында болған.
Астраханда 173 ұлт өкілдерден астам, 14 діндік конфессиялар, 155 қоғамдық бірлестік бар және 17 ұлттардың мәдениеттік қоғамдары бар жұмыс істейді.
+2010 жылда өткізілген Ресейлік халық санағы бойынша ұллтық құрамы ҰлтСаны, адамБарлық ұлтын жазған адамдардың үлесі, % Орыстар339 85377,93 Татарлар30 4326,98 Қазақтар23 7835,45 әзербайжандар57371,31 Армяндар41950,96 Украиндар41410,95 Ноғайлар37770,87 Аварлар36930,85 Лезгиндер32550,75 Сығандар21410,49 Басқалар11 0802,54 Ұлтын ескерткен436 075100,00 Ұлтын жазбаған84 264
Білім және ғылым
Қаладағы білім беру орталықтары:
35 жоғарғы оқу орны; 90 балабақша; 80 жалпы білім беру орталығы; 28 қосымша білім беру орны.
Негізгі жоғарғы оқу орындары:
Астрахан мемлекеттік университеті; Астрахан мемлекеттік техникалық университеті; Астрахан мемлекеттік медициналық университеті; Астрахан мемлекеттік консерваториясы.
Спорт
Астрахан қаласының спорт клубтары:
"Волгарь" футбол клубы. Әлемнің 1988 жылғы ең үздік қақпашысы Ринат Дасаев өзінің кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын осында бастаған. "Динамо" гандбол клубы. КСРО-ның 1990 жылғы чемпионы. "Динамо" ватерпол клубы. Ресей чемпионатының 2015 жылғы қола жүлдегері. "Астраханочка" гандбол клубы. 2015 жылғы әйелдер арасындағы Ресей біріншілігінің жеңімпазы.
Бауырлас қалалар Пемброк-Пайнс Форт-Лодердейл Гран-Попо Ереван Любляна Русе Атырау
Дереккөздер
Санат:Ресей қалалары Санат:Астрахан облысы қалалары
Санат:Каспий теңізі айлақтары Санат:Ресей облыс орталықтары