New Musical Express (NME) — британдық музыка, кино, ойын және мәдениет сайты әрі екі айда бір рет шығатын журнал. 1952 жылы газет ретінде құрылған, кейде «рок-газет» («rock inkie») деп те аталған NME уақыт өте келе журналға айналып, кейіннен тегін басылым мен веб-журнал форматына көшті. Сондай-ақ бұл бренд NME Awards сыйлығын тапсыру рәсіміне, NME Tours концерттік турларына және бұрынғы NME Radio станциясына атауын берді.

«Рок-газет» ретінде NME 1952 жылдың 14 қарашасындағы санында алғаш рет синглдер хит-парадын жариялаған британдық бірінші басылым болды. 1970 жылдары ол Британиядағы ең көп сатылатын музыкалық газетке айналды. Джули Берчилл, Пол Морли және Тони Парсонстың мақалалары арқылы бұл басылым панк-рок жанрымен тығыз байланыста болды. Бастапқыда музыкалық газет болып шыққан басылым 1980–1990 жылдары біртіндеп журнал форматына ауысып, 1998 жылы газеттік қағазды қолдануды тоқтатты.

Журналдың сайты (NME.com) 1996 жылы іске қосылып, Британиядағы ең танымал коммерциялық музыкалық сайтқа айналды және 2006 жылы әлем бойынша 1,6 миллион қолданушыны жинады. XXI ғасырдың бас кезінде Ұлыбританияның баспа секторында бөлшек саудадағы сатылымдардың төмендеуіне байланысты, NME журналы 2015 жылы қайта жаңғыртылып, бүкіл ел бойынша тегін басылым ретінде таратыла бастады. 2016 жылдың ақпанында жарияланған апта сайынғы орташа таралым 307 217 дананы құрады, бұл «Битлз» тобының атағы шарықтаған 1964 жылғы бұрынғы рекордынан (306 881 дана) асып түсіп, NME тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Алайда 2018 жылдың наурыз айында баспагер 66 жылдан кейін NME баспа нұсқасының шығарылуы тоқтатылып, тек онлайн режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді. In July 2023, the print edition of NME was revived, now as a bimonthly release. 2023 жылдың шілде айында NME журналының қағаз форматы қайта жанданып, қазір екі айда бір рет шығатын басылымға айналды.

NME журналын 2019 жылы сингапурлық BandLab Technologies музыкалық компаниясы сатып алды, ал бұл компания қайта құрылымдалғаннан кейін 2021 жылдың желтоқсанында барлық музыкалық басылымдарын NME Networks брендінің астына біріктірді.

Тағы қараңыз NME Awards Rolling Stone

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания журналдары Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:1952 жылы негізі қаланған журналдар Санат:Ұлыбритания музыкалық журналдары Санат:Ұлыбритания музыкалық чарттары