Вотум - [латынша - тілек, серт, уәде, ант] - дауыс беру арқылы білдірілген шешім. Парламенттің дауыс беру арқылы үкіметтің жалпы саясатын немесе жеке министрдің әрекетін қуаттауы (сенім білдіру вотумы) не қуаттамауы (сенім білдірмеу вотумы). Үкімет парламенттен өзінің бағдарламаларыОрысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 мен декларациясына және кейбір нақты заң жобаларын талқылауға байланысты сенім білдіру вотумын сұрай алады. Әдетте сенім білдіру вотумы үкіметтің беделін арттырып, саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Вотум : мұның негізгі жүзеге асырылу принципі үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі; парламент жиналысында дауысқа қойылып, қабыл алынған тоқтам шешім, қарар; үкіметің немесе министрдің қызметін қабылдау; парламенттегі дауысқа салу бойынша үкіметтің немесе министрдің ісін қабылдамау.
Парламент шешіміне орай, егер үкімет жақсы нәтижеге жетпесе, олар отставкаға кетуі тиіс. Сенім вотумы - қайта құрылған үкімет өз бағдарламасын парламент алдында жария етіп, сенімін алу, бұл көптеген елдердің комисиясы бойынша қаралады.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер
Санат:Саясат Санат:Құқық Санат:Заң