Кәкімжан Қазыбаев - (, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылы – 21 қазан 1989 жыл, Алматы) – жазушы, мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген (1952). 1952 – 1958 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1958 – 1968 жылы Алматы облысы “Жетісу” газетінде редактордың орынбасары. 1968 – 1972, 1972 – 1974 жылы Қаз КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде төраға орынбасары, 1977 – 1982 жылы ҚазТАГ директоры, 1982 – 1985 жылы Қазақстан компартиясы ОК-тінде нұсқаушы, хатшы, 1985 жылдан “Қазақстан коммунисі” (қазіргі “Ақиқат”) журналының бас редакторы болды. Қазыбаев шығармаларының негізгі тақырыбы – ауыл тұрмысы, халықтар достығы мен соғыс жылдарындағы ел басына түскен қиындықтар.
Шығармалары “Кернеген кек” (1966) повесі, “Ызғар” (1972, орыс тілінде – 1976), “Аманат” (1979, орыс тілінде – 1982) романдары, Таңдамалы шығармалары (2003) жарық көрген. С.М. Штеменконың “Бас штаб соғыс жылдарында” атты мемуарлық кітабын, Б. Момышұлының “Офицер күнделігін” қазақ тіліне аударған.З. ЕсмағамбетоваҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Сарқан ауданында туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:КСРО жазушылары Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері