Жолаяқтөбе – Қызылорда облысы Қазалы ауданы Кәукей ауылының оңтүстік-батысында 3 км жердегі төбе.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 500 м-ге созылып жатыр, енді жері 200 м. Абсолюттік биіктігі 56 м. Беткейлері жайпақ келген. Төрттік кезеңінің жаңа түзілімдерінен пайда болған жыныстардан және эолды шөгінділерден түзілген.
Өсімдігі Құмды, тақыр сортаңды топырақ жамылғысында жусан, ажырық, жантақ, қарабарақ, т.б. өсімдіктер өседі. Оңтүстік-шығысында Қақкөл, Адамбұлақ, Көшекбай бұлақтары мен Сарыаман мұнарасы орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазалы ауданы таулары Санат:Төбелер