Александр Васильевич Масляков — кеңестік және ресейлік тележүргізуші, РФ еңбегі сіңген өнер қайраткері (1994), Отан алдындағы қызметі үшін орденінің толық кавалері.

1964–1972 жылдары Орталық телевидениеде көрсетілген Көңілді тапқырлар алаңы бағадарламасының жүргізушісі болған. 1986 жылы бұл телебағдарлама қайта көрсетіле бастағанда, ол тағы да осы қызметке оралады және оны 2022 жылға шейін үзбей атқарады.

Басында бұл бағдарламаны ол Светлана Жильцовамен бірге жүргізген. 1970 жылы екеуі осы жүргізуші рөлдерімен фильмге түседі. Кейінгі жылдары Александр Масляков тағы бес-алты фильмге түскен.

Сонымен бірге ол Не? Қайда? Қашан? телеойынының бірінші жүргізушісі болған. Алло, біз талант іздеудеміз!, Кәне, қыздар!, Жыл әні және басқа да кеңестік телебағдарламаларды жүргізуге қатысқан. 2007—2014 жылдары Даңқ минутасы шоуындағы жюри мүшесі болған.

2022 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде ауруға шалдыққан. Екі жылдан кейін өкпе обыры салдарынан қайтыс болды.

Тағы қараңыз (5245) Масляков астероиды Александр Александрович Масляков

Дереккөздер

Санат:Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Бірінші арна (Ресей) тележүргізушілері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер