Алексеев Николай Евдокимович (анасы жағынан Байгулов Н.Е.) (1941-2016) – ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағы мүшесі.

Өмірбаяны

1941 жылы 27 қазанда Абай облысы, Семей қаласында, Жаңа Семей станциясында дүниеге келген. 1966 жылы наурызда «Иртыш» газетінде оның «Клены стреляют почками» атты алғашқы өлеңі жарияланды. 1970 жылдардың басында аталған газет редакциясында қызмет атқарады.

500-ден астам эссе, очерк, мақала, «Новые стихи» (1969), «Комсомольский проспект» (1978), «Ледостав» (1982), «Сумерки. Луна над Жидебаем» (2004), «Вершины видны издалека» (2004), «Вершины и бездны» (2005), «Покаяние» (2005) жыр жинақтарының авторы. Н. Алексеевичтің қазақ тілін білуі, оған «Алтыбакан», «Поклон тебе, земля Абая» туындыларына қазақ аңыз-әңгімелерін пайдалануға мүмкіндік берді.

Оның өлең, очерктерінің кейіпкерлері – жерлестері, Ұлы дала ұлдары: Абай, Мұхтар Әуезов, айдаудағы жазушы Ф. М. Достоевский, жазушылар - Қ. Мұхамедханов, Д. Черепанов, С. Анисимов. Н. Алексеев Семейдің 280 жылдығына орай «Город Семипалат» атты ұжымдық жинақтың жарық көруіне ат салысқан. Ұлы Абайдың мерейтойы қарсаңында өткен республикалық әдеби конкурста Н. Е. Алексеев марапатқа ие болды. Николай Алексеев жиырма жылға жуық уақыт бойы Қазақстан Жазушылар одағының Семей бөлімшесінде әдеби кеңесші және «Иртышские огоньки» әдеби-шығармашылық бірлестігіне жетекшілік еткен.

2016 ж. 23 қарашада дүниеден озды.